«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпорациясының президенті Чжоу Синьхуаймен кездесті
362
22 Қазан 2026
Тараптар бірлескен бастамалардың іске асырылу барысын және мұнай-газ бен энергетика салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
CNPC – Қазақстан мен «Самұрық-Қазына» тобының стратегиялық серіктесі. 2027 жылы Қазақстан мен Қытай корпорациясы арасындағы ынтымақтастыққа 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде мұнай-газ саласында геологиялық барлау мен өндіруден бастап, мұнайды тасымалдау және өңдеуге дейін бірқатар ірі жоба жүзеге асырылды.

Бірлескен негізгі жобалардың қатарында Солтүстік Каспий жобасы (Қашаған), сондай-ақ «Маңғыстаумұнайгаз» және «Қазгермұнай» БК» кәсіпорындары бар. Қашағанда мұнай өндіру көлемі жоспар бойынша 11 млн тонна болса, биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша 12,8 млн тоннаны құрады.
Дәстүрлі бағыттардан бөлек, серіктестік жаңартылатын энергетика саласында да дамып келеді.
Тараптар бірлескен жобаларды уақтылы іске асыруға және ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға ниетті екенін білдірді.

{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Citi компаниясының Таяу Шығыс ...