Бейжіңде «Самұрық-Қазына» және «CITIC Group» басшыларының кездесуі өтті
2536
17 Қазан 2023
Нұрлан Жақыпов пен Чжу Хэсинь – 2012 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің тең төрағалары. Осы уақыт ішінде 6 отырыс өткізілді, оның ішінде Мемлекет басшыларының сапарлары аясында ондаған келісімдерге қол қойылды, екі ел арасындағы іскерлік байланыстар нығайтылды. CITIC – Қордың мұнай-газ саласындағы бұрыннан келе жатқансенімді серіктесі. Бірлескен кәсіпорындардың арасында мұнай өндіруші Қаражанбасмұнай, жол битумын өндіруші – CASPI BITUM. Осы сапар аясында битум зауытының қуатын кеңейту жұмыстары басталды. Тұтастай алғанда ынтымақтастықты дамыту бойынша басқа да көптеген бағыттар, атап айтқанда,мұнай-газ химиясында (метанол өндіру бойынша жоба пысықталып жатыр), көлік және логистика, бейбіт атомды пайдалану және инфрақұрылымдық жобалар бар.
{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...