Самұрық-Қазына тобының делегациясы СЕО Conference-ке қатысты
3672
17 Қазан 2023
Бейжіңде СЕО Conference өтті. Бұл ірі ауқымды, инклюзивті және компаниялардың практикалық ынтымақтастығын нығайту үшін жоғары деңгейдегі ашық платформа. Іс-шараға Самұрық-Қазынаның делегациясы қатысты, оған Қордың Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан, сондай-ақ Самұрық-Энерго және QazaqGaz портфельдіккомпанияларының төрағалары кірді.

Конференция аясында Самұрық-Қазына мен China Power International Holding арасында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу бойынша жобаны жүзеге асыру жөнінде бірлескен әзірлеу туралы келісімге қол қойылды. Аталған құжат тараптардың ерте келісімдерін бекітті және елдің көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге бағытталған. Бұдан басқа жоба –Қазақстан үшін электр энергиясын жинақтаудың инновациялық жүйелерін пайдалануға байланысты жоғары технологиялық. Сондай-ақ СЕО Conference алаңында Банк of China-мен кездесу өтті, онда Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысын қаржыландыру мақсатында кредиттік келісімге қол қойылды.
{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...