«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ресми сапармен Санкт-Петербург қаласына барды. Қор басшысы «СИБУР» Басқарма төрағасы, Бас директоры Михаил Карисаловпен кездесу өткізді.
1656
07 Маусым 2024
Тараптар бірлескен жобаларды, соның ішінде Атырауда қуаттылығы жылына 500 мың тонна болатын полипропилен өндіретін зауытты іске қосу жайын талқылады.
Сонымен қатар, полиэтилен өндіру жобасын іске асырудың келесі кезеңдері қарастырылды.
Қазіргі кезде жобалық құжаттаманы әзірлеу аяқталып, қаржыландыру көздерін қарастыру жұмыстары жүргізілуде.
Нұрлан Жақыпов «СИБУР» компаниясын ұзақмерзімді стратегиялық әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті. Себебі, компанияның тәжірибесі мол әрі тұрақты, болашақ өнімді өткізу мәселелері жолға қойылған.
СИБУР - Шығыс Еуропадағы ең ірі мұнай-химия холдингі. Кәсіпорын халықаралық нарықта мұнай-химия өнімдерін екі бизнес-сегментте өндіреді және сатады, атап айтқанда олефиндер мен полиолефиндер (полипропилен, полиэтилен, БОПП және т.б.), сондай-ақ пластмассалар, эластомерлер және аралық өнімдер (синтетикалық каучуктар, полистирол көбік, ПЭТ және т. б.).
{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...