«Самұрық-Қазынаның» инклюзияны қолдау кабинеттері 150 ерекше балаға білім алу мүмкіндіктерін ұсынады
1122
05 Шілде 2024
Қор қолдауымен 1 қыркүйекке қарай Астананың бес мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады. Сыныптар «Charity Samruk Marathon 2024» қайырымдылық марафонында жиналған қаражатқа жабдықталады.
Жоба №22, №36, №59, №76, №97 мектептерді қамтып, 150-ге тарта баланың білім алуына жағдай жасалады. Дәл осы мектептерде ерекше қажеттілігі бар балалардың саны көп және құрал-жабдық пен әдістемелік жәрдемге мұқтаж.
Сыныптар төрт бөлек бөлмеден тұрады: логопед, дефектолог, психолог кабинеттері және қыш шеберханасы. Сонымен қатар, әр мектепте жеке емдік дене шынықтыру кабинеті болады. Мұғалімдер де қажетті дайындықтан өтеді.
Бүгін «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры Альфия Адиева барлық мектепті аралап, жөндеу және басқа да ұйымдастыру-әзірлік жұмыстарының барысымен арнайы танысты.
{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...