Алматыда «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральді газ құбырының екінші тармағы салтанатты түрде іске қосылды
1943
24 Қыркүйек 2024
Жоба Алматы ЖЭО-ларын газға көшіру жөніндегі президент тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.
Салтанатты шарада Нұрлан Жақыпов газ құбырының екінші тармағындағы газ-ауа қоспасын ығыстыру арқылы газ беру технологиялық процесін іске қосты.
Алматы энергетикалық кешені үшін газ тасымалдайтын инфрақұрылымның дайын екенін білдіретін газ алауы жағылды.
Жақыпов екінші тармақтың іске қосылуы - ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін газ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі үлкен жобаның маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Жоба арқасында халыққа газ сенімді және үздіксіз тасымалданады, сондай-ақ ЖЭО-ның экологияға келтіретін зиянды әсері азаяды.
Алматы энергетикалық кешені үшін газ инфрақұрылымын Қордың портфельдік компаниясы «QazaqGaz-дың» еншілес ұйымы – «Intergas Central Asia» салып жатыр.
{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...