Самұрық-Қазына» АҚ Италияның жетекші компанияларымен екі құжатқа қол қойды
1279
30 Мамыр 2025
1. Maire Tecnimont компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандум. Бұл компаниямен екі жоба аясында жұмыс жүргізілуде. Олар: полиэтилен өндіретін «Силлено» жобасы және газды бөлетін кешеннің құрылысы. Аталған компания Қазақстанда ТМД және Кавказ елдеріне қызмет көрсететін өңірлік инжинирингтік хаб құруды жоспарлап отыр. Бұл бастама өндірістік қауымдастықты дамытуға, технология трансферіне және кадрларды оқытуға бағытталған. Сонымен қатар, жергілікті қамту үлесін арттырып, жергілікті жеткізу тізбектерін дамыту, инженерлік және өндірістік әлеуетті күшейту жоспарлануда.
2. Ansaldo компаниясымен ынтымақтастық туралы келісім. Ansaldo Energia Алматы ЖЭО-3-ті жаңғырту аясында газ турбиналарын жеткізеді. Газтурбиналық қондырғыны жеткізу тізбегінде қазақстандық қамту үлесін арттыру жоспарланған.
Мақсат – жергілікті үлесті кемінде 20%-ға дейін жеткізу. Жоба аясында өндірістік қауымдастық пен жергілікті құзыреттерді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Келісімдерге Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелонидің сапары аясында қол қойылды.
{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...