«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов The Carlyle Group компаниясының төрағасы және негізін қалаушылардың бірі Дэвид Рубенштейнмен кездесті
2096
07 Қараша 2025
Тараптар инвестиция саласындағы серіктестік перспективаларын талқылады. Кездесу барысында Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» қорының қызметі мен негізгі жұмыс бағыттары туралы айтып, холдингтің стратегиялық мақсаттары мен Қазақстан экономикасы мен инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларына тоқталды.
The Carlyle Group — 1987 жылы АҚШ-тың Вашингтон қаласында құрылған халықаралық инвестициялық компания. 453 млрд доллар сомасындағы активтерді басқарады және баламалы активтерді басқарумен және тікелей инвестициялармен айналысады. Компания портфелінде технология, энергетика, денсаулық сақтау салалары бойынша жаһандық жобалар бар.

{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...