«Казатомөнеркәсіп» Қордың Қоғамдық кеңесінде компания қызметі туралы есеп берді
1357
28 Қараша 2025
Бүгін Астанада Болат Жәмішевтің төрағалығымен «Казатомөнеркәсіп» АҚ қызметіне қатысты «Самұрық-Қазына» Қорының Қоғамдық кеңесі өтті.
Компанияның басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов «Қазатомөнеркәсіп» уран өндірісі бойынша әлемдік нарықтағы көшбасшылығын сақтап келе жатқанын атап өтті. Компания өнімді сату аймағын кеңейтіп, халықаралық ынтымақтастықты дамытып, әлеуметтік және білім беру жобаларын іске асыруда. Сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік жүйесін жетілдіріп, ESG саласындағы үздік халықаралық стандарттарды енгізуде.
2019 жылдан бері Қазатомөнеркәсіп қызметкерлердің, олардың отбасыларының және өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 450-ден астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша компанияның шоғырландырылған табысы 1,2 трлн теңгені құрады. Операциялық пайда 498 млрд теңгеден асты. Ал таза пайда 533 млрд теңге болды.
Уран өндірісі 12%-ға өсіп, 18 709 тоннаға жетті, ал компаниялар тобы бойынша сату көлемі 10%-ға, яғни 12 776 тоннаға дейін артты.
{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...