«Самұрық-Қазынада» Қытайдың Атом энергиясы агенттігінің (China Atomic Energy Authority) басшылығымен кездесу өтті
632
11 Маусым 2026
Жиынға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Қытайдың Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Лю Цзин (LIU Jing), CNNC вице-президенті Чжан Кай (ZHANG Kai), «Қазатомөнеркәсіп» басшысы Мейіржан Юсупов және басқа да өкілдер қатысты.
Екі жақ атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
China Atomic Energy Authority (CAEA) – атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласын дамытуға және реттеуге жауапты ҚХР-дың мемлекеттік органы. Агенттік ядролық саладағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестіреді, ядролық материалдардың айналымын бақылайды және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын үйлестіреді.
Ал China National Nuclear Corporation – Қытайдағы атом өнеркәсібінің жетекші компанияларының бірі. Корпорация уран өндіруден бастап атом электр станцияларына арналған отын өндіруге дейінгі барлық өндірістік кезеңдерді қамтиды. «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниясы – «Қазатомөнеркәсіп» пен CNNC ұзақ жылдан бері табиғи уран жеткізу бағытында ұзақмерзімді серіктестік орнатып келеді.
{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...