«The Games of the Future Astana 2026 powered by Samruk-Kazyna»: спорт пен технология тоғысқанда
764
29 Шілде 2026
Астанада классикалық спорт пен цифрлық технологияларды біріктіретін жаңа форматтағы халықаралық мультиспорттық «The Games of the Future Astana 2026 powered by Samruk-Kazyna» турнирі басталды. 9 тамызға дейін жалғасатын жарыстың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» қоры.
Турнирдің басты ерекшелігі – фиджитал форматтағы жарыстар. Әрбір сайыста қатысушылар алдымен цифрлық ойын платформаларында бақ сынасып, кейін жарысты спорт алаңында жалғастырады. Жеңімпаз жалпы нәтиже бойынша анықталады.
Турнирге 34 елден 800-ден астам спортшы қатысады. Жарыстар Астанадағы ең ірі спорт нысандарында өтеді.
Бағдарлама 8 сайыстан тұрады, олардың ішінде Phygital Football UFL presented by Samruk-Kazyna, фиджитал-баскетбол, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-шутер, фиджитал-би, сондай-ақ компьютерлер мен ұялы құрылғылардағы MOBA және Battle Royale бойынша жарыстар бар.
«The Games of the Future Astana 2026 powered by Samruk-Kazyna» – физикалық дайындық, жылдам реакция, стратегиялық ойлау және цифрлық технологияларды меңгеру тең дәрежеде маңызды болатын жаңа буын жарыстары.

{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...