Нұрлан Жақыпов CITIC Group вице-президентімен кездесті
990
11 Тамыз 2026
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов CITIC Group Corporation вице-президенті Бао Цзяньминмен кездесу өткізді.
Жиында CITIC Group Қазақстандағы қордың негізгі серіктестерінің бірі екені айтылды. Көп жылдан бері қор тобы мен CITIC мұнай-газ, мұнай-химия және инфрақұрылым салаларында бірлескен жобаларды іске асырып келеді.
Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуды және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады.
CITIC Group – қаржы-банк қызметі, сақтандыру, өнеркәсіп пен құрылыс, энергетика, көлік және телекоммуникация салаларына инвестиция салумен айналысатын ірі мемлекеттік конгломерат.

{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...