Астанада алғашқы Қазақстан–Оман бизнес-форумы өтті
420
06 Қазан 2026
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың қатысуымен алғашқы Қазақстан–Оман бизнес-форумы өтті.
Форумға Оманның жетекші іскерлік топтары мен Қазақстан бизнесінің өкілдері қатысты. Қатысушылар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және логистика салаларындағы серіктестікті талқылады.
«Самұрық-Қазына» мен Oman Investment Authority ынтымақтастықты белсенді дамытып, Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық әріптестікті нығайтып келеді», – деді қор басшысы Нұрлан Жақыпов.
«Жыл соңына дейін тараптардың тең қатысуымен көлемі 150 млн доллар болатын инвестициялық қор құру жоспарланған. Қор Қазақстан мен Омандағы басым жобаларға инвестиция салумен айналысады. Сонымен қатар, топ компаниялары мұнай-газ өнеркәсібі, жаңартылатын энергетика, туризм және басқа да салаларда бірқатар бірлескен бастаманы әзірлеп, жүзеге асырып жатыр», – деді ол.
Қазақстан–Оман бизнес-форумы аясында «Самұрық-Энерго» АҚ мен O-Green LLC Қазақстанда және халықаралық нарықтарда декарбонизация мақсатында жаңартылатын энергия көздері жобаларын дамыту бойынша серіктестік туралы стратегиялық келісімге қол қойды. Құжат тараптардың Орталық Азия мен Таяу Шығыста жаңартылатын энергетика жобаларын әзірлеу және іске асыру бойынша бірлескен жұмыстарды айқындайды.
Бизнес-форум Қазақстан мен Оман арасындағы тікелей іскерлік байланыстарды кеңейту және жаңа инвестициялық жобаларды қалыптастыру үшін маңызды алаңға айналды.
Фото: Ақорда

{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...