«Самұрық-Қазына» басшысы Қазақстан мен Бельгия арасындағы кеңейтілген келіссөздер барысында инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттарын таныстырды
430
12 Қазан 2026
Нұрлан Жақыпов Қазақстан Президенті және Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданың қатысуымен өткен кездесуде сөз сөйлеп, Қазақстан мен Бельгия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын атап өтті.
Басым бағыттардың қатарында аса маңызды шикізат материалдарын өңдеу, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, жаңартылатын энергетика, жасанды интеллект технологиялары, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және қаржылық қызметтер бар.
Шикізат экспортынан қосылған құны жоғары өнім өндіруге көшуге, бірлескен өндіріс орындарын дамытуға және озық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.
«Самұрық-Қазына» және оның портфельдік компаниялары бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, өндірісті локализациялау және ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту мақсатында бельгиялық серіктестермен ынтымақтастық орнатуға дайын.
Фото: Ақорда

{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...