«Самұрық-Қазынаға» 20 жыл: үздік қызметкерлер марапатталды

«Самұрық-Қазынаға» 20 жыл: үздік қызметкерлер марапатталды

419

13 Қазан 2026

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 20 жылдығына орай қорда қызметкерлердің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ұжымды мерейтоймен құттықтап, қорды дамытуға және Қазақстан экономикасының негізгі салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға қызметкерлердің қосқан үлесін атап өтті.

фыни.jpg

20 жыл ішінде қор мұнай-газ, энергетика, көлік-логистика, мұнай-химия, тау-кен металлургиясы және басқа да салаларда 250-ге жуық инвестициялық жобаны жүзеге асырды. Бүгінде «Самұрық-Қазына» тобының компанияларында 255 мыңнан астам адам еңбек етеді. Оның ішінде 239 мыңы – өндірістік сала мамандары.

кпци.jpg


Іс-шара аясында қор мен портфельдік компаниялардың 20 қызметкері кәсіби жетістіктері мен ортақ іске қосқан үлесі үшін марапатталды.

«Самұрық-Қазына» қорының 20 жылдығын мерекелеу аясында қор мен портфельдік компаниялардың қызметкерлеріне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының құрметті қызметкері» атағы берілді

Марапаттар қызметкерлердің кәсібилігі, адал еңбегі және топ компанияларын дамытуға қосқан үлесі үшін табысталды.

Марапатталғандар:
1. Серік Есжанов – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Алматы» өңірлік филиалының Матай локомотив пайдалану депосының локомотив қабылдаушысы, «Қазақстан темір жолы» АҚ.

2. Альфия Жұлдыбаева –«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» өңірлік филиалы Ақтөбе учаскесінің жолаушылар вагонының жолсерігі, «Қазақстан темір жолы» АҚ.

3. Игорь Булдаков – «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС технологиялық қондырғыларының 6-разрядты операторы, «ҚазМұнайГаз» АҚ.

4. Ләззат Идирова – «Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорва кен орынындағы мұнайды дайындау және айдау цехының 4-разрядты тауарлық операторы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ.

5. Бибігүл Омарова – «Қазпошта» АҚ Абай бөлімшесінің пошта-логистика және өндірістік бөлімінің өндірістік блогының басшысы.

6. Болат Смаилов – «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес дивизионының Орталық өңір өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері.

7. Амангелді Балабаев –«Волковгеология» АҚ «Оңтүстік ВГ» филиалының диспетчері, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ.

8. Төлеу Қасенов – «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ Орталықтандырылған жөндеу цехының бас корпусындағы қыздыру беттерін, электрсүзгілерді, гидрокүл шығару жүйесін, жылыту және желдету жүйелерін жөндеу тобының шебері, «Самұрық-Энерго» АҚ.

9. Жұлдыз Жұмабаева – «KEGOC» АҚ Дербестікті басқару және ішкі бақылау департаментінің директоры.

10. Асанхан Утенов – «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Инженерлік-техникалық орталық» филиалының «Ұйымдастыру-техникалық диагностика» қызметінің бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және автоматика бөлімінің басшысы, «QazaqGaz» АҚ.

прти.jpg