«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
545
16 Қазан 2026
«Самұрық-Қазына» АҚ өтінімдер кітабын қалыптастыруды сәтті аяқтап, жалпы сомасы 3 млрд юань болатын офшорлық юань облигацияларының (Dim Sum) дебюттік шығарылымын орналастырды. Айналым мерзімі 3 және 5 жыл болатын облигациялар Гонконг қор биржасында (HKEX) және «Астана» халықаралық биржасында (AIX) саудаға шығарылды.
Облигациялар екі траншпен орналастырылды. 2 млрд юань сомасындағы үш жылдық облигациялардың купондық мөлшерлемесі жылдық 2,15%-ды, ал 1 млрд юань сомасындағы бес жылдық облигациялардың купондық мөлшерлемесі жылдық 2,30%-ды құрады.

Инвесторлар тарапынан түскен сұраныс орналастыру көлемінен үш еседен астам асып түсті. Бұл халықаралық инвестициялық қауымдастықтың қордың кредиттік сапасына және офшорлық юань нарығында Қазақстан эмитенттеріне жоғары қызығушылық танытып отырғанын растайды.
Мәмілеге Citi, Guotai Junan International, Standard Chartered Bank, Bank of China, China CITIC Bank International және ICBC (Asia) ұйымдары қатысты.
Тартылған қаражат «Самұрық-Қазына» қорының инвестициялық жобаларын қаржыландыруға бағытталады.
Dim Sum облигацияларын орналастыру қордың қаржыландыру көздерін әртараптандыру және халықаралық инвесторлар базасын, соның ішінде халықаралық борыш нарығының қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі – офшорлық юань нарығындағы өтімділікке қол жеткізу арқылы кеңейту жөніндегі стратегиясын іске асырудағы кезекті қадам болды.

{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...