Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Energy China Overseas Investment директорлар кеңесінің төрағасы Лин Сяоданмен кездесті
316
20 Қазан 2026
Тараптар жаңартылатын энергетика саласындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысын және ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі келесі қадамдарды талқылады.
Қор мен Energy China Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясын және Қарағанды облысында қуаты 500 МВт жел электр станциясын салу бойынша жобаларды іске асырып жатыр. Сонымен қатар, биыл қыркүйекте Жетісу облысында жалпы қуаты 1 ГВт-қа дейін жететін жел электр станциясы жобасын бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойылды.

Кездесу барысында жобаларды іске асыру мерзімдерін сақтау, қаражат тарту және отандық өндірістің жабдықтарын пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Energy China – көмір өндіру, жылу энергетикасы, жел энергетикасы, көмірді қайта өңдеу және су шаруашылығы салаларында жұмыс істейтін әлемдегі ірі компания.

{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...